"Тексерулерді жеңілдету үшін, шағын және орташа бизнеске жүргізілетін барлық тексерулерге мораторий жариялаймын. Бұл бірақ қауіпсіздік, адамдардың денсаулығы, яғни дәрі-дәрмек, азық-түлік және осыған ұқсас салаларға таралмайды", - деді президент.
Мемлекет басшысы үкіметке "мораторийдің қанша уақыттан бастап, қашанға дейін жариялау" мәселесін зейін қойып қарастыруды тапсырды .
"Мен айтқанымдай, бақылау құрылымдары бизнестің дамуын тежеп отыр. Қысқа мерзімде жағдайды қарастырып, тиісті шараларды қабылдау қажет", - деді президент. "Тексеру жасау қажет, бірақ тәртіп болу керек қой ", - деп атап өтті ол.