Мемлекет басшысы Шымкентте шина зауыты мен мақта-мата және жіп иіру өндірісі кәсіпорынында болды

"ИнтерКомШина" жеңіл автокөліктер мен арнайы және ауыл шаруашылық техникалары үшін шина өнімін шығаратын Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын.

"Кәсіпорынға бүгінгі таңда 40 миллионнан астам доллар инвестиция салынды, 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл индустриялық даму жөніндегі мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі", - деді президент.
"Меланж" АҚ Ресей мен Украинаға тоқыма өнімдерін экспорттайды, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 5 000 тонна тоқыма өнімін құрайды.
Президент қайта құрылған мақта-мата өнімін шығару жөніндегі өндірістік кешенін іске қосты.
Қайта құру мен тігін және сырлау-өңдеу өндірісін кеңейту жұмыстарының жалпы құны 40,5 миллион долларды құрады.