"Асар" ықшамауданынан кейін президент таяуда ашылған "Гипер хаус" сауда үйінде болды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президент "Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық әлеуеті зор екенін" атап өтті. "Мемлекет басшысы үкіметке Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі мен "Оңтүстік" ӘКК бірлесіп облыста агротехникалық кешенді дамыту жөніндегі арнаулы жоба жасауды тапсырды. Бұл еліміздің азық-түлік қамтамасыздығы бағдарламасына қосатын нақты үлеске айналады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Елбасы бұдан кейін Шымкенттен жүріп кетті.