"Парламент депутаттарынан үкімет басшысы лауазымына Кәрім Мәсімовты бекітуді сұраймын",- деді президент Н.Назарбаев депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.
"Ол Қазақстанның барлық даму бағыттары бойынша жүзеге асырылатын істердің жоспарын жасаған, айқын түсінігі бар",- деді президент К.Мәсімовке берген сипаттамасында.
41 жастағы К.Мәсімов кейінгі жылы Ахметов үкіметінде жалғыз вице-премьер лауазымын иемденді.
К.Мәсімов 1965 жылы Астанада туған. 1985-жылы Мәскеудегі Халықтар достығы университетіне оқуға түсті. Кейіннен Пекиндегі Тілдер институтын, Ухань заң университетін, Қазақ Мемлекеттік экономика университетін бітірген. АҚШ-тың Колумбия университетінде тағылымдамадан өтті. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген. Еңбек министрлігінде бас экономист, бөлім бастығы, одан кейін республика Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші (ҚХР) қаласындағы өкілдігінің аға маманы, Гонконгтағы Қазақстан сауда үйінің атқарушы директоры, кейіннен Алматы сауда-қаржы және Халық жинақ банктерінің басқарма төрағасы болып сайланды. Көлік және коммуникация министрі, премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған.
2003 жылдың маусымынан Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
2006 жылдың қаңтарынан бастап премьер-министрдің орынбасары болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті