"Қазір басты назар Елордасының 10 жылдық мерейтойын тиісті деңгейде атап өтуге аударылуға тиіс, біз дүниежүзіне өз қаламызды және Қазақстанның мүмкіндігін паш етуге тиіспіз. Сол себепті мен үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен әкім Тасмағамбетовты 10 жылдық мерейтойды атап өту мен қаланың әріқарайғы дамуына жауапты етіп бекітемін", - деді мемлекет басшысы.
"Көп нәрсе тындырылып жатқанымен, елдің бас қаласы ретінде Астананың тиісті кескін-келбеті баяу қалыптасып келеді. Астана Қазақстанның басқа барлық қалалары үшін дамудың үлгісі болуға тиіс", - деді Н. Назарбаев.
"Мен өзіне сеніп тапсырылған учаскеде мен берген тапсырмаларды ешқашан аяқсыз қалдырып көрмеген Иманғали Тасмағамбетов менің тікелей қолдауыммен және көмегіммен осы мақсатты шешіп, Астана тұрғындарына қала салу, тәртіп пен реттіліктің ең таңдаулы үлгісін көрсетеді деп сенемін", -деп мәлімдеді президент.
Н. Назарбаев сонымен бірге, "Республика тәуелсіздігінің 20 жылдығы - 2011 жылға дейін қаладағы қажетті инфрақұрылымды негізінен салып бітіруді" тапсырды.
"Бұл жерде әңгіме қажетті коммуналдық инфрақұрылымды тарту, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу жайлы болып отыр", -деді президент.