"Біз кеше вице-премьер Аслан Мусинмен, президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековпен және оның орынбасары Владимир Школьникпен бірге мемлекеттік холдингтердің іс-қызметін тексеруге тапсырма алдық", - деді К. Мәсімов.
"Сол себепті мен вице-премьерге мемлекеттік холдингтердің алдына қойылған функциялық міндеттеріне сәйкес тексеретін топ құруды тапсырдым. Сонымен біруақытта мен 7-тамызда өтетін үкіметтің отырысында олардың есептерін тыңдағым келеді", - деді премьер.
Ол 7-тамызда өтетін үкіметтің отырысында жарты жылдың қорытындысы шығарылатынын еске салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті