Мемлекет басшысы үкімет және президент әкімшілігінің жетекшілерімен еліміздің экономикалық даму мәселелерін талқылады

Атап айтсақ, кеңесте мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі мен "Қазына" тұрақты даму қорының жұмыс тиімділігі талданып, алдағы әкімшілік реформалардың қыр-сыры талқыланды.
Кеңеске премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, оның орынбасарлары Оңалсын Жұмабеков пен Владимир Школьник, вице-премьер - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті