"Оң тізгінді көліктердің иелеріне қандай да бір уақыт беру керек. Бұл мәселені мұқият қарастыру қажет деп ойлаймын. Мен үкіметке оны тағы бір рет зерделеуді тапсырам",- деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өзінің бірінші интернет-конференциясы барысында.
"Бұл мәселеде ең бастысы - адамдардың қауіпсіздігі",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. "Бізде оң бағытты қозғалыс белгіленген және барлық жол инфрақұрылымы тізгіні сол жақта орналасқан көліктерге есептелген. "Оң тізгінділердің" кесірінен жолдардағы апаттар саны өсуде",- деді президент, статистика мәліметтерін келтіре отырып. "Осы жылдың 4 айында жол апатының саны 150-ден 212-ге дейін өскен. Апат салдарынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар саны да өсті. Бұл мәселені Қауыпсіздік кеңесінің отырысында қарағаннан кейін де тізгіні оң жақтағы 40 мыңға жуық машина елге енгізілген ",- деді мемлект басшысы. Сонымен қатар, ол "Қазақстанда 100-ге жуық компания көлік тізгінін қайта орнатумен айналысатындағын" атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті