Мемлекет басшысы үкіметтегі лауазымдарға ұсынылатын үміткерлердің кандидатурасын парламентпен келісуді ұсынады

Елбасының айтуынша, "министрлердің кандидатурасын парламенттің профильді комитеттерінің отырыстарында келісуге болады". "Бұл парламент пен үкімет арасындағы өзара түсіністік пен сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді". Сонымен бірге, Н.Назарбаевтың айтуынша, " соның нәтижесінде елдегі ахуалға қатысты жауапкершіліктің бір бөлігін депутаттық корпус та бөлісе арқалайтын болады".