Мемлекет басшысы Украина мен мен Израиль елшілерінің сенім грамоталарын қабылдады

Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап көрсеткен Н.Селивон: "Украинаның Қазақстандағы елшісі ретіндегі менің міндетім біздің мемлекеттеріміздің экономика, сауда-саттық, саясат, білім, гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығын жан-жақты нығайту және дамыту деп санаймын", - деп атап көрсетті Қазақстан президентімен болған кездесуден кейінгі брифингте.

Украина елшісінің айтуынша, былтыр екі елдің арасындағы сауда айналымы 1 миллиард АҚШ долларын құраған. "Биылғы жылы осынау көрсеткіштің 1,5 миллиард долларға жетуіне алғышарттар бар", - деп атап көрсетті Н.Селивон өз сөзінде.

Израиль елшісі И.Ран да Қазақстан-Израиль қатынастарының одан әрі дамуына үміт білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті