Мемлекет басшысы Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мен Халық банкінің басшылығымен кездесуде еліміздегі қаржы саласының дамуын талқылады

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ә.Сәйденовпен және А.Дунаевпен кездесуде елдің қаржы жүйесінің, ақша-кредит саясатының тұрақтылығына, Алматы өңірлік қаржы орталығын, Ұлттық банкті және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Президент Агенттікті нығайтудың және қаржы жүйесіне толыққанды әрі тиімді бақылау жасауды жүзеге асыру қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ, 2007 жылға арналған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ал Халық банкінің басқарма төрағасы Григорий Марченкомен кездесуде елдің қаржы секторындағы ахуал және оны дамыту жолдары, Халық банкі үшін және тұтастай алғанда, елдің банк секторы үшін былтырғы жылдың қорытындылары талқыланды. Мемлекет басшысы Халық банкі ұжымын банк акцияларын Лондон қор биржасына табысты орналастыруымен құттықтады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті