Мемлекет басшысы Үндістан және Пәкістан президенттеріне жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның өмірі қиылуға байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады

Жеделхатта былай делінген: "Көптеген кісінің өмірін қиған, елдеріңізге зардап әкелген жер сілкінісі туралы суыт хабарды жан күйзелісімен қабыл алдым".
"Осындай ауыр сәттерде қайғыларыңызды шын жүрегіммен бөлісетінімді білдіре отырып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан табиғи апат салдарынан жақындарынан айрылған әулеттерге көңіл айтамын", делінген жеделхатта.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті