Мемлекет басшысы ҰҚШҰ саммитіне қатысады

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась та қатысады. ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдайды, оның даму перспективаларын талқылап, ҰҚШҰ-ның мерейтойына арнап мәлімдеме қабылдайды деп жоспарланып отыр, - делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

Бұған дейін ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының кездесуі жұмыс таңғы асы форматында өтетіні хабарланды.

2022 жылы ҰҚШҰ-ға Армения Республикасы төрағалық етіп жатыр.


Еске сала кетейік, 10 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.

ҰҚШҰ елдері биыл «Жауынгерлік бауырластық – 2022» бірлескен оқу-жаттығуларын өткізеді.