Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олардың ағартушылық қызметі және жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі әрдайым жоғары бағаланады. Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, елімізде қазан айының әр жексебісінде ұстаздар күні тойланады.