Мемлекет басшысы Ыстықкөл жағалауында өзінің қырғыз әріптесімен жүздеседі

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қырғыз Республикасына, Ыстықкөлге келді. Осында Қазақстан және Қырғызстан президенттерінің бейресми кездесуі өтеді.

Н. Назарбаев пен Қ. Бакиев екі жақты ынтымақтастықты дамыту жайлы және өзара қызығушылық тудыратын халықаралық мәселелерді талқылайды.