Мемлекет басшысы Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді іске асыруға мораторий жариялады

«Мен бүгін шешім қабылдаймын. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары, нақты айтқанда былтырғы енгізген 4 норманы күшіне енгізуге ендігі жылға дейін  мораторий жариялаймын. Алдымен егжей-тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келетін болсаңдар, мораторийді аламыз, болмаса, түсірмейміз», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.