Мемлекет басшысы Жезқазғандағы "Қазкат" зауытына барып қайтты

"Бүгін осында әлеуметтік жауапкершілік форумы өткізіліп, оған Қазақстанның түкпір -түкпірінен келгендер "Қазақмыс" өзінің жұмысшыларына басқаларға қарағанда көп қолдау көрсететінін атап өтті ", - деді мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Қазақмыс" корпорациясының "Қазкат" зауыты электролиздік өндірісіне арналған мыс штангасы мен түрлі диаметрдегі мыс орамасын шығару өндірісімен айналысады. Жобалық қуаттылығы бойынша, кәсіпорын жылына 50 мың тонна өнім шығарады.

ҚР президенті сонымен қатар, 507 оқушы дәріс алып жүрген №10 орта мектепті аралап қайтты.