Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, президент бүгін "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ, "Гидромаш-Орион МЖБК" ЖШС болып, жас отбасыларға арналған 90 пәтерлі "Жас Отау" үйі мен жаңа "Балбұлақ" балабақшасында болады.

Түстен кейін президент жуырда жөнделген қалалық мәдениет және демалыс саябағын аралап, "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының жаңа ғимаратында болып, облыстың басымдық берілген жобаларымен танысып, облыс атқамінерлерімен жүздеседі.