Бұрын хабарлағанымыздай, "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу туралы" заң "Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды қарастырады. Жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты тіркеу жөніндегі функцияны халыққа қызмет көрсету орталықтары мен аймақтық әділет басқармаларына беру жобаланған.
Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты тіркеу институты енгізіледі, бұл азаматтардың жылжымайтын мүлікке қатысты құқығын тиімді қорғауды құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заң нормаларымен техникалық тізімдеу жүргізуге мемлекеттік монополия енгізіледі.
Сонымен қатар, "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның мақсаты қолданыстағы заңнаманы "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу туралы" заңмен сәйкестендіруге бағытталған..
Заңда Азаматтық және Жер кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне, сондай-ақ, "Мемлекеттік кәсіпорын туралы", "Әділет органдары туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті