Мемлекет басшысының интернет-конференциясы "Қазақстан - энергия және инновациялар" тақырыбы бойынша өтеді

"Мемлекет басшысы интернет- конференцияның тақырыбы ретінде инновация тақырыбын таңдады, сол себепті біздің ақпараттық шарамызға "Қазақстан - энергия және инновациялар" тақырыбы басты арқау болмақ. Интернет-конференцияның тақырыбын ескеріп, сауалдардың басым бөлігі осы тақырыпта болады деп үміттенеміз",- деді баспасөз хатшысы.

"Мемлекет басшысы интернет конференция барысында ең басты деп танылған 30 сұраққа жауап береді. Президент жауап беретін сауалдар іріктеледі. Біз ең басты деп танылған 30 сауалмен шектелмекпіз",- деді баспасөз хатшысы.

"Президент on-line режимінде 2 сағат ішінде сұрақтарға жауап қайтарады. "Сұрақтарға мемлекет басшысының өзі тікелей жауап береді. Алдын-ала дайындық көзделмеген. Президент ахуалды және ақпараттарды жақсы білетіндіктен сұрақтарға бірден жауап береді",- деді баспасөз хатшысы. "Әрине, президент ауызша жауап береді, операторлар ол жауаптарды on-line режимінде web-парақшаға шығарады",- деді Е.Байжанов.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, бірінші күні 300-ден астам сауал келіп түскен. "Сауалдар кешеден бері келіп түсіп жатыр, сұрақтар 7-маусым күнгі сағат 12-ге дейін қабылданады".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-маусым күні Астана уақытымен сағат 10 мен 12 арасында мемлекет басшысының on-line интернет-конференциясы өтеді. Президентке қоятын сұрақты электронды үкіметтің сайты арқылы немесе akorda@e.gov.kz электронды пошта адресіне жолдауға болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті