Мемлекет басшысының Өкімімен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын өткізілетін болып белгіленді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы

Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында:

1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) жыл сайын өткізілетін болып белгіленсін.

2. Конкурстың лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

3. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссияның лауазымдық құрамы бекітілсін.


4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Конкурсты өткізу қағидаларын бекітсін;

2) осы өкімді іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 желтоқсан

№ 250