"Қазақстанда мұсылмандарға арнап халал ет өндіру тәжірибесі күні біүгенге дейін зерттелмеген. "Халал" сертификаты бойынша өнім өндіретін бірде-бір кәсіпорын жоқ",- деді мемлекет басшысы.
"Бюджеттен бөлінген қаржының аясында ауылшаруашылығы министрлігі осы бағытта малшаруашылығына баса назар аударуға тиіс",- деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге мемлекет басшысы "Қазагро" мемлекеттік холдингіне үкіметпен және барлық деңгейдегі әкімдермен бірлесе отырып, "нарық пен мүмкіндіктерді зерттеп, бірінші кезеңде республиканың түрлі аймақтарында етті экспортқа шығаруға арналған толық инфрақұрылымы бар ірі мал бордақылау орталықтарын салуға арналған 4-5 жобаның техника-экономикалық негіздемесін дайындауды" тапсырды.
Қазір әлемдегі халал-рыноктың жалпы көлемі жылына 500 млрд долларды құрайды. Бұған тек азық-түлік өнімдері ғана емес, сонымен бірге, әтір және әр, киім индустриясы да қамтылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті