Атап айтсақ, Әбілдаев Ерлан Әділханұлы Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды;
Ахметов Әбутәліп Ібіжанұлы Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;
Тәшібаев Мұрат Сейітжанұлы Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қарашев Анарбек Бақтығазыұлы Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті Елшісі Мусинов Асқар Ахметұлы Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Омаров Қайрат Ермекұлы Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.