Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есебінше, қазақстандық экономика үшін ұзақ мерзімді даму жоспарында нарықтық механизмдерді күшейту теңдессіз жол болып табылады.
"Ең алдымен кәсіпкерлер класын нығайту үшін анағұрлым қолайлы орта қалыптастыру керек. 2008 жылдағы дағдарыс мемлекетті экономикада барынша белсенді роль атқаруға мәжбүрледі. Қатты қиындыққа ұшыраған банктеріміздің активтеріне енуге мәжбүр болдық", деді ол Астанада сейсенбіде Дамушы рыноктардың еуразииялық форумында.
"Алайда, ұзақ мерзімді даму жоспарында нарықтық механизмдерді күшейту теңдессіз жол болып табылады, сол себепті біз бұл активтерден шығамыз. Мемлекет өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өз үлесін азайтатын болады", деді ол.