Мемлекет интернеттің қазақстандық секторын дамытуға, ондағы ресурстардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қаржы бөлуге дайын. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлім етті.
«Мемлекет интернетті дамытуға қаржы бөлуге дайын. Бірақ, бәсекеге барынша қабілетті ресурстарды анықтауға мүмкіндік беретін ашық, түсінікті тәсілдер қажет», - деді ол бейсенбі күні Алматыда өткен медиаконгресте.
«Нені басшылыққа алу керек? Біз бұл мәселені бірқатар әріптестерімізбен талқылаған болатынбыз. Менің ойымша, бұл: сайтты пайдалану деңгейі, контенттің сапасы мен өзектілігі, беделі және тағы басқа мәселелер болуы мүмкін», - деп атап өтті вице-министр.
Сонымен қатар, біз үшін «қазақ тілді медианы дамыту маңызды бағыттардың бірі болып табылады», деді ол.
«Жалпы ағанда, жұмыс басталды. Министрлік бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Жақын күндері Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен арнайы интернет-порталдар ашылады. Мысалы, мәдениет порталы, студенттерге арналған портал, балаларға арналған танымдық портал деген сынды. Үкімет оларға инвестор болуға дайын», - деді вице-министр.