Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Есқалиев 70 жасқа толды

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын 1966 жылы бітірген Н.Есқалиев еңбек жолын Батыс Қазақстан облысында бастап, 1974-1978 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары болды. Мәскеудегі Халық шаруашылығы академиясын бітіргеннен кейін Талдықорған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1986 жылдан 1993 жылға дейін Батыс Қазақстан облысын басқарды. Кейін Көкшетау облысының да әкімі болды. Сондай-ақ Қазақстанның Өзбекстандағы және Украинадағы елшісі, ТМД елдері атқару комитетіндегі Қазақстанның уәкілі қызметтерін де абыройлы атқарды.

Нәжімеден Ықсанұлын туған күнімен Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов құттықтап, құрмет көрсетті.