Мемлекетаралық авиациялық комиссия апатқа ұшыраған "Боинг-737" ұшағының бортында лаңкестік оқиға болғандығы жөніндегі жорамалды жоққа шығарады

Леонид Каширский мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 4 қыркүйекте бас прокуратураның қызметкерлері Бішкек қаласының маңында апатқа ұшыраған "Боинг-737" ұшағының командирі Юрий Гончаровты Қырғызстанның Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 94-бабы бойынша қылмыс жасаған күдікті ретінде ұстаған болатын.

"5 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 280-бабының 3-тармағы бойынша айыпкер ретінде Ю. Гончаров Бішкектегі 1-ші Тергеу абақтысына қамалды",- деп хабарлады Қырғызстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы.