Сыйлықты тапсыра тұрып, қазақстандық дипломат Татьяна Анодинаның Достастық елдерінің азаматтық авиациясының қалыптасуына сіңірген жеке еңбегін атап көрсетіп, оған осындай жауапты қызметте жаңа табыстар тілей отырып, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Қазақстан елшісі, А. Масляковтың "жылдар бойы өзінің танымалдығын жоғалтпаған және де жеті жыл бойы қазақстандық команданың жетісті ойнап келе жатқан, ақиқатында бүкіл халықтың сүйікті бағдарламасын құра білгендігін" атап өтті.
Т. Анодина мен А. Масляков Қазақстан басшысына жоғары сыйлығы үшін алғысын білдіре отырып, бүкіл қазақстандықтарға бейбітшілік пен гүлдене беруін тіледі.
"Достық" ордені - республикамыздың қоғамдағы өзара келісімді сақтауға қатысты баянды жұмысы, бейбітшілікті нығайтудағы еңбегі үшін, халық арасындағы ынтымақтастық пен достық үшін берілетін ең жоғарғы наградаларының бірі. Орденді иеленгендер арасында - АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш, Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Маргарет Тэтчер, БҰҰ-нің бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий II бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті