Мемлекетаралық авиациялық комитет Қырғызстан астанасының маңында болған "Боинг-737" ұшағы апатының себептерін тексеруді аяқтады

Қырғызстанның көлік және коммуникациялар министрлігі комиетет өкілі Леонид Каширскийге сілтеме жасай отырып, Бішкек түбіндегі апатқа пилоттың қателігі себеп болған деп хабарлады.

"Итек Эйр" әуекомпаниясына тиесілі "Боинг-737" ұшағы Иранның "Ассеман эйр" әуекомпаниясының Бішкек - Тегеран бағытындағы рейсіне 24 тамызда шыққан. Жерден көтерілгеннен бірнеше минуттан кейін экипаж апаттық жағдайда қонатынын хабарлаған, алайда Манас әуежайының қону жолағына жете алмады. Лайнер Жаны-Жер ауылының маңында құлап, жанып кетті. Ұшақ бортында 90 адам - 83 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Қырғызстан, Иран, Қазақстан , Қытай, Канада азаматтары - 67 адам қаза тапты.