Мемлекетаралық іздеуде жүрген Алматы тұрғыны ұсталды

Ол 4 желтоқсан күні Алматы халықаралық әуежайында  «Алматы-Киев» бағытындағы рейс ұшар алдында жеке төлқұжаттарды тексеру кезінде қолға түсті.

 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған азаматтың үстінен аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат Алматы ІІД-нің Медеу аудандық ІІБ-на тапсырылды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.