Мемлекеттік айыптаушы "Валют-Транзит" банкінің жұмысшыларына қатысты шығарылған сот үкімін бұздыру туралы шағым түсірді

"Біз "Валют-Транзит" банкінің бұрынғы президенті Айтбақы Біләлов және басқа да сотталушыларға қатысты шығарылған сот үкімімен келіспейміз. Біз оларды кінәлі санаймыз. Сонымен қатар біз, екі банк қызметкерінің толығымен ақталғанымен де келіспейміз", - деді Н. Құзбақов.

Бұрын хабарланғанымыздай, ішінде банктің экс-президенті А. Біләлов бар 5 сотталушыға бірдей жаза - 200 АЕК көлемінде айыппұл төлеумен шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырып, үш жыл бойы банк қызметін атқаруға тыйым салған еді. Экс-президенттен басқа осындай жазаға кесілгендер: Б. Көпеева, Ғ. Сануарбаев, С. Панфилова және М. Швачко.

Ал банктің тағы екі қызметкері: Л. Ким мен С. Паульді сот ақтап шығарған болатын. Барлық жеті айыпталушы қамаудан сот залында босатылды.

Прокурорлардан басқа айып үкімімен сот процесінің өзге де қатысушылары келіскілері жоқ. Айыптау комиссиясы соттың аталмыш банктің экс-президентіне қатысты шығарған үкіміне наразылық танытып, оны бұзуға шағым бермек ниетте. Өз кезектерінде қорғаушылар өз бұрынғы қызметкерлерді кінәсіз санап аппеляциялық шағым түсіріп үлгерген.

Сонымен қатар, банк салымшылары Қаржылық бақылау агенттігі мен тарату комиссиясын сотқа бермек ниетте. Олар комиссия бірінші кезекте ақшаны кепілдендірілген сақтандыру қорына (үшінші кезек), содан кейін барып салымшыларға (төртінші кезек) төлейтіндігімен келіспей отыр.