"19 қарашадағы жағдаймен Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы мемлекеттік ресурсқа астық сатып алуды аяқтады, мемлекеттік жалпы астық ресурсы 850 мың тоннаны құрайды", - деді Н.Оспанов. "Бұл қорға азық-түлік қоры да, мемлекеттік ресурстар да қамтылады", - деді ол.
Оның айтуынша, "коммерциялық ресурстарға астық сатып алу одан әрі жалғаса береді және шаруаларда астық бар кезде, сондай-ақ, Азық-түлік келісім-шарты корпорациясында оны сататын мүмкіндік бар кезде жалғаса береді".
Н. Оспановтың хабарлауынша, ағымдағы жылы астық сатып алу бағдарламасына 22 млрд теңге пайдаланылды, оның 6,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді.
"Биыл біз коммерциялық ресурстарға астық сатып алуға 33 млрд теңге арнадық. Егер 2002 жылмен салыстыратын болсақ, ағымдағы жылы астық сатып алу бағдарламасына қамтылған ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің саны 4 есе өсіп, 6 мыңға жетті", - деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ мемлекеттік резервтегі астықты жаңалау үшін ауалшаруашылығы тауар өндірушілерінен 345 мың тонна бидай сатып алды. Коммерциялық сатып алу аясында 16 қарашадағы жағдаймен 542 мың тонна астық сатып алынды.
Бидай сапасына қарай бір тоннасы 225-240 долларға нарықтық бағаға сатып алынуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті