"Мемлекеттік атақты 5 мың доллар берсең, ертең алып береміз" деді - актер Алмат Сақатов

Бұл туралы ол "Ashyp Podcast" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Кезінде мемлекеттік атаққа ұмтылдым, жігіттер жіберген. Бір рет өзімнен 1 жас үлкен аға айтты. "5 мың доллар берсең ертең алып береміз атақты" дегенге жақындатты. Мені қазақтар онсыз да біледі. Бәрі білмесе де 35-тің бесеуі біледі. Маған олай сатып алған атақ керек емес. Әйтпесе ол кезде ақша болған. Тойың ол кезде 4,5 мың доллар. Содан кейін 2-3 рет ұсынды. Соңғы министрдің қолына барған кезде 2 рет өтпей қалды. Ұсынған жігіттер "мынау отырғанда сен өтпейсің" деді. Өйткені, жас кезде ұстасып қалған кездеріміз болған", - деді актер Алмат Сақатов.