Мемлекеттік бағдарламаның арқасында алыс қыстаққа электр жарығы жетер күн жақын - БҚО

«Думан» шаруа қожалығының жетекшісі Серік Құбашевтің айтуынша, электр желісінен аталмыш қыстаққа дейін 1111 метр екен. Осыған электр жарығын жеткізу үшін қажетті құжаттар жинақталып, бағандарды орнатуға жерге акт жасалды. Тіпті бұл аумаққа «Ханкөл-2» деген көше аты берілген. Сөйтіп «Думан» шаруа қожалығы ауданда алғашқы болып аталмыш бағдарламаның жақсылығын көрмекші. Қожалық күні бүгін үй үстіне орнатылған күн батареясы мен жел генераторынан қуат алып тұр.


Бұдан екі жыл бұрын 630 гектар жер алып, трактор, шөп маялағышқа қол жеткізген қожалық «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 7,3 млн. теңгеге мал сатып алды. Қазіргі кезде сол малды асылдандыру бағытында жұмыстануда.