Мемлекеттік бидай қорына қол сұғылмаған

"Соңғы кезде Бұқаралық ақпарат құралдары Корпорация мемлекеттік азық-түлік қорын пайдаланып, сатып жатыр деген ақпарат жариялауда. Заңдарға сәйкес құрылған азық-түлік қоры тек үкімет пен заң жүзінде көрсетілген жағдайда ғана пайдаланылатынын ресми түрде мәлімдейміз", - деді Н. Оспанов.

"Азық-түлік корпорациясы мемлекеттік қорды басқарған тұста бір рет те бидайды сыртқа сатқан жоқ. Үкімет тарапынан да мемлекеттік азық-түлік қорын сату жөнінде шешім шығарылмады". "Бұл - қол сұғылмайтын қор", дегенді шегелеп айтты Н. Оспанов.

Н. Оспанов атап өткеніндей, қор бидайы Азық-түлік корпорациясының меншігіндегі 5 мемлекеттік нан базасы мен арнайы қармандарда сақталуда.

"Нан базалары біздің жеке меншігіміз болғандықтан, корпорация оларды еншілес кәсіпорындар арқылы басқаруда. Бұл - корпорация өзінің нан базаларын сатып, мемлекеттік элеваторлардан құр алақан қалды, деп газет- басылымдарда жарық көрген мақалаларына жауабымыз", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті