Шара ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналып отыр. Ол азаматтық жауапкершілiкке және өз еліне деген отансүйгiштiкке тәрбиелеп, ҚР-ның Мемлекеттiк рәмiздерiне деген құрметті қалыптастыруға, сонымен бiрге оның мәнi мен маңызын білуге бағытталған.
Жиын барысында Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков сөз алды. Ол Мемлекеттiк Елтаңбаның жасалу тарихы туралы әңгiмелеп, оның композициялық құрылымының мәнiн толық сипаттап берді.
«Тәуелсіздік - қазақстандықтардың ең қасиетті құндылығы. Бүгінде біз жас әрі егемен елміз. Біздің басты мақсатымыз бен басымдығымыз бейбітшілікті сақтау. Бізге өз тіліміз бен дәстүрімізді дамыту қажет», - деді Ж. Мәлібеков.
Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткеніндей, осындай шаралар Кедендік бақылау комитетінің аймақтық органдарында да өтуде.
Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі қалмақ.