Мемлекеттік хатшы ТМД-ға мүше мемлекеттердің шығармашыл және ғылыми зиялы қауымының екінші форумына қатысу үшін Астанаға келген делегациялардың жетекшілерін қабылдады

Көрнекті ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерін қарсы алған Қ.Саудабаев "гуманитарлық сала әрдайым бұрынғы біртұтатас Кеңестер Одағы елдерінің арасындағы мықты дәнекерлеуші буын болғанын атап өтті. ТМД құрылған күнінен бастап Достастық елдерінің кең ауқымды ықпалдасуы біздің елдеріміздің аса тығыз саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарының дәйекті жақтаушысы болып табылатын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды басымдықтарының бірі болып саналады. Сондықтан да, екінші форумның Астанада өткізілуі бекер емес, және де біздің достық қатынасымыздың ыстық ықыласының арқасында бүгін біздің елордамызда да жылып сала берді".

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы атап көрсеткендей, "бүгін, яғни біздің елдеріміздің тәуелсіздік алғаннан бергі 16 жылдық тарихында, біздің әрқайсымыз өзінің реформалар мен даму жолын өткерген шақта, мұндай форум өткізу - бұл біздің қарым-қатынастарымызды нығайтуға, өзара түсіністікті жақсартуға, мәдениеттер мен ғылыми жетістіктерді ендіруге мүмкіндік беретін өте жақсы және уақытылы бастама. Нақ осы себептен де, бүгінде қазіргі жастарымыз бен Достастық азаматтарының болашақ ұрпақтарына біздің тарихи ортақтығымызды айқындап, оларға өзара құрмет, достық пен ынтымақтастық рухын жеткізу аса маңызды".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті