Мемлекеттік хатшының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің этносаясатты қамтамасыз етудегі ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, ұлттық-мемлекеттік бірегейлілік негізі ретіндегі тарихи сананы қалыптастыру, ұлт тарихын зерттеудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері сөз болды. Бұдан бөлек, тіл саясаты мәселелері қозғалып, Қазақстан өңірлеріндегі ғылыми-сараптамалық жұмыстар жайында әңгіме өрбіді.


Кеңес отырысына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылары, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері мен ғылым мен шығармашылық зиялық қауым өкілдері қатысты.