Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды- СҚО


Аталған департаменттің экономикалық тергеу қызметі- шұғыл іздеу басқармасының жетекшісіне қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлады жұмада департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайластыққа қарсы күрес жөніндегі бөлім бастығы Нұрлан Жахин.
Тергеу деректеріне қарағанда,ол кәсіпкерден тәркіленген алкоголь өнімін қайтару материалы бойынша істі оң шешіп беремін деп, кәсіпкерден 8 мың доллар талап еткен.
Петропавл соты оған қатысты “кепілдік” бұлтарпау шарасына санкция берді, деді ол.