Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері мен оның ұлы казинодан пара алғаны үшін ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысындағы департаменті ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Р. Жұмабаевты қамауға алды деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы ведомствоның баспасөз қызметі.



Айына 10 миллионнан астам: кеденші пара алу үшін таптырмас схема ойлап тапқан Тергеу жұмыстары анықтағандай, Жұмабаев Қапшағай аумағындағы ойынханаларға заңсыз қолдаушылық көрсетіп, салық тексерулерін жүргізбегені үшін казино өкілдерінен жүйелі түрде пара алып отырған. Делдал рөлін атқарған ұлы Д. Уданов арқылы 5 мың АҚШ доллары көлеміндегі кезекті параны "Інжу–КZ" ЖШС-нен (Казино ХО Club) алмақ болған кезде, Жұмабаевты жемқорлыққа қарсы ведомство ұстады. Қазіргі уақытта әкесі мен ұлы ҚР ҚК 128 бабына сәйкес Іле ауданы АІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот алды тергеу ісі жалғасуда.