Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, бүгін Астана уақытымен 11 сағат 40 минутта мемлекттік комиссияның отырысы өтті, ол ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңін жалғастыруға рұқсат берді.
"Бүгін жергілікті уақытпен 12 сағатта "Союз-У" зымыран тасығышы №112 алаңның монтаж-сынақ корпусынан шығарылды, онда зымыран тасығыш пен зымыранның "Фотон-М-3" ғарыштық аппаратымен түйістірілген бас бөлігі құрастырылып, №1 алаңның ұшырылым кешеніне тасымалданды. Бұдан кейін зымыран тік күйінде ұшырылым "үстеліне" орнатылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, зымыранның ұшырылым кешеніне мұнай жай шығарылуы ғарышқа тірі биологиялық жәндіктер ұшырылатын жайтта қолданылатын үздіксіз 72 сағаттық кестенің ерекшеліктеріне байланысты. "Кеше 12 монғол құмтышқаны мен балықтар арнаулы контейнерге салынды, олардың үстінен салмақсыздық жағдайында тірі қалуға қатысты және басқа да сынақтар жүргізіледі", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Фотон-М" ғарыш аппараты ғарыш технологиясы саласында сараптамалар жүргізуге, өнеркәсіп пен ғылымның әртүрлі салаларының мүддесінде биологиялық препараттар мен материалдар өндіруге арналған. Ғарыштық аппараттың салмағы алты жарым тоннадан асады. Ғылыми жабдықтар түсірілетін апараттың ішінде де, оның сыртқы бетінде де орналастырылған. Жалпы алғанда "Фотон-М-3" аппаратында жалпы салмағы 640 кг болатын 16 ғылыми жабдықтар кешені орнатылған. Екі аптаға созылатын ұшу барысында жер серігінің бортында 45 ғылыми сынақтар жүргізу межеленген.
Ұшырылымнан кейін "Фотон-М-3" түсірілетін аппараты Жерге ғылыми жабдықтар мен сынақтардың нәтижесін жеткізеді. "Фотон-М" ғарыштық аппараты мен "Союз-У" зымыран тасығышы 13 қыркүйекте 1-ші алаңның ұшыру кешеніне шығарылып, 14 қыркүйекте Астана уақытымен 17 сағатта (Мәскеу уақытымен 15 00) ұшырылады деп жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті