Баспасөз қызметі хабарлағанындай, штаттан тыс оқиғаны зерттеу үшін "Химавтоматика конструкторлық бюросы" ААҚ бас конструкторы, бас директоры В. Рачук жетекшілік жасайтын мемлекеттік комиссия құрылып, комиссия 10 сәуірде өзінің жұмысын аяқтады. "Роскосмос" басшысы А. Перминов пен ғарыштық әскерлер басшысы В. Поповкин комиссияның қорытындысын бекітті.
"Протон-М" зымыран тасығышы штаттық режимде 15 наурызда ұшырылды. Мәскеу уақытымен 2 сағат 28 минут 41 секундта "АМС-14" ғарыш аппараты мен "Бриз-М" үдеткіш блогынан тұратын ғарыштық бас бөлік "Протон-М" зымыран тасығышының 3-ші сатысынан сәтті бөлініп шығып, суборбиталық траектория бойымен дербес ұшуын жалғастырған. Зымыран тасығыштың барлық сатылары белгіленген аумақтарға келіп түсті.
Үдету блогының алғашқы іске қосылуы тәртіп бойынша өтті. Нәтижесінде бас блок жоспарлық параметрлерге жақын тірек орбитасына шығарылды. Ал екінші рет іске қосылғанда "Бриз-М" үдеткіш блогы белгіленген уақыттан 2 минут 13 секунд кем жұмыс істеп 32 минуттан кейін сөніп қалды.
Соның нәтижесінде "АМС-14" ғарыш аппараты жер орбитасында есептелген 36 мың шақырымның орнына 28 шақырымында үдеткіш блоктан бөлініп кетті. Жер серігі басқарылды, алайда ол орбитада 15 жыл бойы пайдаланылып, Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ету жұмыстарын атқара алмайды.
SES AMERICOM, Inc (США) американдық корпорациясы тарапынан "АМС-14" жер серігі жоғалтылды деп танылып, сақтау орбитасына ауыстырылды.
"Комиссияның қорытындылары бойынша "АМС-14" ғарыш аппаратын шығару кезінде "Бриз-М" қозғалтқышының уақытынан бұрын тоқтауына, екінші рет қосылған турбосорғыш агрегатының турбинасына генераторлық газды жеткізетін турбоқұбырының ашылуы себеп болған", -деп айтылған комиссияның қорытындысында.
Мемлекетік комиссия мамандарының айтуынша "турбо құбырының ашылуына, оның бір жақ қабатында пайда болған эрозия, газ генераторында жоғары температураның болуы және газ трактісінде ұзақ уақыт бойы төменгі жиіліктегі пульсінің орын алуы әсер берді".
"Мемлекеттік комиссияның атқарылған жұмыс қорытындылары бойынша штаттық жағдайда марштық қозғалтқыш жұмысы режімінің беріктігін көтеру үшін, жоғары температуралық газ жеткізушіні жетілдіру шараларын дайындап енгізу жөнінде ұсыныс айтылды. Жетілдіру жұмыстары аяқталғаннан кейін "Бриз-М" пайдалану қалпына келтіріледі" деп хабарлады М.Хруничев атындағы ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметі.