"Жоба бойынша бас мердігер ретінде қазақстандық "К-Дорстрой", жоба авторы - РМК "Қазаэропроект"" деп хабарлайды министрлік.
ККМ мәліметі бойынша, жобаның бағасы 5,35 млрд тенгені құрап, қаржы көзі -республикалық бюджет болды.
Жобаға сәйкес "қайта жөндеу жұмыстарында әуежайдың ұшу-қону алаңы 500 метрге ұзартылып, күшейтілді", деп түсіндірілді баспасөз қызметіндегілер. Министрліктегілер атап өткеніндей, сондай-ақ, "перрон, жол тораптары, халықаралық азаматтық авиация ұйымының 1 санаты бойынша, жаңа дыбыстық жарық жүйесі орнатылып, электр қуатының жүйесі мен радиотехникалық құрал - жабдықтар қайта жөнделді".
"Әуежайдың геометриялық түрі жақсартылғандықтан, (ұзындығы 3300 метр, ені 60 метр) бүгінде Шымкент барлық әуе ұшақтарды, соның ішінде "Боинг-747" ұшақтарын қабылдай алатын қауқары бар деп хабарлайды министрік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті