Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өсе ме?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру мәселесін Қаржы министрлігі қарастырып жатқан жоқ па? деп сұрады БАҚ өкілдері министрден.

Мұндай сұрақ қаралып жатқан жоқ, - деп Тәкиев қысқа жауап берді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қатысты ойын айтқан еді.

Жақында мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салынатындығы туралы мәселе қызу талқыланды. Қаржы министрлігі оған тыйым салуға негіз жоқ екенін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары. Олардың табысы айтарлықтай көп емес. Кей кездері түнімен жұмыста отырады. Мемлекеттік қызметшілердің де отбасы мен міндеті, қала берді қарапайым адам ретіндегі қалауы мен жоспары бар. Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы керек деп ойлаймын. Сыйақы аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Басқа жолмен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартып, кадр тұрақсыздығы проблемасын шешу қиын, - деген болатын Мемлекет басшысы.