Мемлекеттік мекемелер мен даму институттары арасындағы ықпалдастықтың және оны үйлестірудің тиімді тетігін қалыптастыру қажет- ҚР үкімет басшысы

Ол Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стретагиясын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелер мен даму институттары арасындағы ықпалдастықтың және оны үйлестірудің тиімді тетігін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. "Даму институттарының жұмысын бағалау жүйесін қалыптастыру қажет",- деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ, Д.Ахметовтың айтуынша, "үкімет аймақтық биліктің жұмысын Стратегияны жүзеге асыру нәтижесіне сәйкес бағалайды". "Әкімдердің шұғыл міндеттерді жүзеге асырған кезеңі аяқталды",- дей келіп үкімет басшысы "жергілікті билік мекемелері ендігі жерде мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға назар аударуы тиіс" деп атап өтті. Осыған байланысты үкімет басшысы "даму институттарына еліміз аймақтарындағы жұмысты пәрмендендіруге" тапсырма берді.