Мемлекеттік мекемелерді қайта құру ондағы мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартуға апарып соқпайды - үкімет басшысы

Кеңес барысында үкімет басшысы атқарушы биліктің орталық органдарын одан әрі реформалау үшін қысқа мерзімде схема әзірлеумен айналысатын жұмыс тобын құру туралы тапсырма берді.

Осыған байланысты Даниал Ахметов мемлекеттік қызметшілердің қысқартудан қауіптенуінің қажеті жоқ екенін, олардың еліміздің мүддесі үшін өз орындарында тиімді жұмыс атқара беруі қажеттігін ерекше атап өтті.
"Үкіметтегі өзгерістерден еліміз де және онда тұратын әрбір азамат та ұтады", - деді үкімет басшысы.