Мемлекеттік монополия субъектілеріне мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарларды өндіруге заң жүзінде тыйым салынады - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

"Мемлекеттік монополия субъектісіне (бұл осы заң жобасының жаңалығы) тауар өндірісімен технологиялық байланысы бар қызметтерді санамағанда мемлекеттік монополия салаларына қатысы жоқ тауарларды шығаруға тыйым салынатыны қарастырылған", - деді Н. Алдабергенов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекеттік монополия субъектілеріне акцияларды немесе жарғылық капиталдағы қатысу үлесін иеленуге, сондай-ақ, заңды тұлғалардың қызметіне басқа да жолдармен араласуға тыйым салынады.