Мемлекеттік қарыз қауіпсіз деңгейде – Қаржы министрлігі

Жақында Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік қарыздың 12,3 трлн теңгеге жеткенін хабарлаған болатын. Осы орайда Қаржы министрлігі бұл көрсеткіштің қауіпсіз деңгейде екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қаржы министрлігі мен есеп комитеті 2016 жылғы республикалық бюджет қаржысының қалай жұмсалғаны жөнінде есеп берілуде.

Жиында Бақыт Сұлтанов мемлекеттік қарызға байланысты есеп берді.


«Мемлекеттік борыштың өсуі оның ішінде сыртқы қарыздардың ұлғаюы қызу талқыланды. Бюджет тапшылығының көлемі ЖІӨ-ге шаққанда жоспардағы 2%-дың орнына 1,7%-ды құрады. Борыштық жүктеме қауіпсіз деңгейде қалып отыр. Орта мерзімдегі жоспарда бюджет тапшылығын тек ішкі ресурстардың есебінен қаржыландыруды және оның мөлшерін ЖІӨ-ге шаққанда 1%-ға дейін төмендетуді жоспарлаудамыз», - деді министр.