Бұл туралы ол "Qasqa jol" Youtube арнасына берген сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мемлекеттік жұмыста жұмыс істегеніме екі жыл болды. Оған дейін ешқашан мемлекеттік жұмыста қызмет істемегенмін. Екі жылдың тәжірбиесіне оралатын болсақ мемлекеттік қызметкерді ар-ұяты жоқ деуге болмайды, ар-ұяты бар. Бірақ, мемлекеттік қызметкер сол жұмысын жалғастырғысы келсе онда ар-ұят туралы ұмыту керек. Өсем десе, премия аламын десе немесе проблема болмасын десе заңды, ар-ұятты ұмыту керек.Бастық қалай айтты солай істелуі, жасалуы керек. Егер олай болмаса оған жұмысын ауыстыру керек немесе жұмыстан шығып кетуі керек. Менің тәжірбием бойынша мемлекеттік қызметте 15,20 жыл бойы жұмыс жасаған адам өзін басқа салада көре алмайды. Ол адамның ішінде қорқыныш болады. "Жұмыссыз қалып қоямын ба, жанұямды кім асырайды, қалай ақша табамын" деген сияқты. Ол жерде ар-ұяттың емес, күн көрудің сұрағы", - деп жауап берді Олжас Әбішев.