Мемлекеттік қызметкерлердің 99% адал азаматтар – МБА ректоры


«Менің көзқарасым бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің 99% – өз ісіне адал, таза, тәртіпті, еліміздің болашағын ойлайтын патриот азаматтар. Өкінішке қарай, жемқорлықпен ұсталғандар сол азаматтардың қоғам алдындағы абыройын түсіріп жатады», – дейді Ахметов. 

Әлтайыр Ахметов жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалған болатын. Бүгін ол баспасөз мәжілісінде алдағы жұмыс жоспарын таныстырды.

«Акдамемияда  «Цифрлық Қазақстан» – «Цифрлық Академия» жобасы жүзеге асырылды. Алдағы уақытта бизнес процестерді цифрлық ре-инжинирингілеу жалғасатын болады. Цифрлық коворкинг-орталық және голографиялық дәріс залын құру жоспарлануда. Жаңа магистрлік бағдарламалар іске қосылды. Әкімдерді және АІІБ басшыларын бірлесіп оқытуды ойластырып отырмыз. Магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау басталды. Академияға қабылдау рәсімін жетілдіруді жалғастырамыз. Академияның 25 жылдығына байланысты бірқатар әлеуметтік жобалар топтамасы қолға алынып жатыр және көрнекті қоғам қайраткерлерінің дәрістері ұйымдастырылады», – дейді ол.